Жаһан

Күншығыс елі халықты күніне бір рет күлуге міндеттейтін заң қабылдады

сурет: istockphoto.com

Заң қазірдің өзінде күлмейтін адамдардың құқығын бұзды деген сынға қалды.

Жапония билігі халықты күніне кемінде бір рет күлуге міндеттейтін заң қабылдады. Бұл туралы scmp.com хабарлады.

Жапонияның Ямагата префектурасындағы жергілікті үкімет тұрғындарды физикалық және психикалық денсаулықты жақсарту үшін күн сайын кем дегенде бір рет күлуге міндеттейтін жарлық қабылдады. Алайда, жаңа заң кейбір жерлерде сәтсіз әзіл сияқты қабылданды.

Әдетте салмақты болып келетін Либералдық-демократиялық партиясының (ЛДП) мүшелері ұсынған және жұма күні қабылданған бұл жарлық жергілікті тұрғындарды күнделікті күліп жүруге шақырады және бизнес операторларын «күлуге толы жұмыс ортасын құруға» үндейді, - деп жазды Yomiuri газеті.

Сонымен қатар, әр айдың сегізінші күні «тұрғындардың күлкі арқылы денсаулықты нығайту күні» болып белгіленді.

Ямагата префектурасының билігі күлкі психикалық және физикалық ауруларды "емдейтінін" дәлелдеген зерттеулерге сүйенген.

Дегенмен, заң қазірдің өзінде күлмейтін адамдардың құқығын бұзды деген сынға қалды.