Жаңалықтар

Жамбыл облысында ірі есірткі плантациясы табылды (ВИДЕО)

Polisia.kz

Қарасора, көкнәр сорттарын өсірді деген күдікпен 61 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды.

Жамбыл облысында ірі есірткі плантациясы жойылды.

Қарасора, көкнәр сорттарын өсірді деген күдікпен 61 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды.  Оның үйіндегі бақшадан жалпы салмағы 1520 түп көкнәр өсімдігі, 37 каннабис бұтасы анықталды. Барлығы 100 келіден асатын есірткі тәркіленді, оның ішінде көкнәр – 54 келі, марихуана – 53 келі.

«Ұсталған адам өз кінәсін толығымен мойындады, Жамбыл АПБ уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. «Қарасора – 2024» іс-шарасы аясында есірткіні заңсыз өсіруді, транзиттеуді, алқаптарын және есірткі зертханасын жоюды, ұйымдасқан қылмыстық топтарды анықтауға және жолын кесуге бағытталған іс-шаралар одан әрі жалғасатын болады», – деді  ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.