Спорт

Астанадағы спортты дамыту дирекциясында 40 млн теңге жымқырылған

istockphoto.com

Лауазымды тұлғалары оқу-жаттығу жиындарын өткізуге бөлінген бюджеттік қаражатты жымқырған.

Қаржылық мониторинг агенттігі Астана қаласы «Олимпиадалық емес түрлер бойынша спортты дамыту дирекциясында» бюджет қаражатын жүйелі түрде ұрлау фактісін анықтады. 

2021-2022 жылдар кезеңінде ҚММ лауазымды тұлғалары оқу-жаттығу жиындарын өткізуге бөлінген бюджеттік қаражатты жымқырған.

Іс жүзінде жиындар өткізілмеді, жаттықтырушылар спортшылардың жүріп-тұруы және тамақтануы туралы жалған есептер тапсырды. 

Заңсыз әрекеттерден мемлекетке келтірілген залал сомасы 40 млн теңгеден асады.

Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды.  

ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды.