Қостанай облысындағы кеніште жұмысшы көз жұмды

11 шілде, 2024 / Анель Жарылғасын
istockphoto.com
Бұл туралы Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі мәлім етті.

Қостанай облысының Рудный қаласындағы «Соколовская» шахтасында жазатайым оқиғадан жұмсышы қаза тапты. Бұл туралы Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі мәлім етті.

 «280 метр деңгейжиекте жару жұмыстарын жүргізгеннен кейін іліктастарды жинау кезінде тау-кен жынысының кесегі опырылып кетіп, ұңғылаушының үстіне құлаған. Салдарынан жұмыскер қаза тапты «ССКӨБ» АҚ ұжымы мен басшылығы марқұмның туыстарына қайғыра көңіл айтады. Марқұмның отбасына қажетті көмек көрсетіледі», - делінген хабарламада.

Бұл жайтқа қатысты тергеу басталған.

Тэгтер:

Жаңалықтар Қостанай облысы жұмысшы Кеніш шахта