Жаңалықтар

Солтүстік Қазақстан облысында екі жасөспірімнің денесі табылды

Сурет: istockphoto.com

Екі баланың өліміне нақты не себеп болғаны белгісіз.

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданында екі жасөспірімнің денесі өзен арнасынан табылды, деп хабарлады turkystan.kz порталы Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

Оқиға бүгін Бескөл ауылының маңында, Есіл өзенінің арнасында болған.

«2009 және 2012 жылы туған екі баланы іздеуге облыстық төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының 8 маманы, 3 техника және ұшқышсыз басқарылатын ұшатын аппарат жұмылдырылды. Нәтижесінде сағат 14.40 минут кеткенде жасөспірімдердің денесі табылып, судан шығарылды», - делінген ақпаратта.

Екі баланың өліміне не себеп болғаны анықталып жатыр, сот-медициналық сараптама тағайындалды.