Қоғам

«Әркімнің өз шындығы бар»: Алтынай Жорабаева адам құқығы жайлы мәселе көтерді

Әнші біреуді сынап-мінейтіндерге жауап берді.

Эстрада жұлдызы өзгенің жеке өмірін талқыға салатын оқырмандарына үндеу тастады, деп жазды turkystan.kz.

«Әркімнің өз шындығы бар. Бірақ ақиқатын Алла ғана біледі. Блогер болсын, имам болсын, психолог-коуч болсын, әнші болсын, шенеунік болсын, жабық киінгені болсын, ашық киінгені болсын, орамалдағы болсын, жалаңбасы болсын, ішімдік ішетіні болсын, тақуасы болсын, ешқайсы ешкімнің өміріне, жеке шаруасына, өмірлік ұстанымына айып тағуға құқығы жоқ! Сын айтуға, пікір білдіруге әр адам құқылы. Бірақ соның өзінде сын айтатындай қаншалықты мінсіз? Өз стандартыңызбен басқадан ештеңе талап етпеңіз! Әркім өміріндегі іс-әрекетіне өзі ғана жауап береді», – деп жазды Алтынай Жорабаева әлеуметтік желіде.