Атыраудағы қаптаған қарақұрт: Жансақтау бөліміне тағы 4 адам түсті

10 шілде, 2024 / Анель Жарылғасын
istockphoto.com
Сондай-ақ, облыстың үш ауданында қарақұрт 400-ге жуық түйеге шабуыл жасап, оның 63-і өлді.

Атырау облысындағы Индер, Исатай және Құрманғазы аудандары қарақұрт қаптады. Бұл туралы өңірлік әкімдіктің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Мой город» басылымының мәліметінше, облыстық жедел жәрдем станциясында қарақұрт шабуылының екі жағдайы тіркелген – Индер ауданы Есбол ауылында және Исатай ауданында.

«Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді. Тағы тоғыз адам облыстық ауруханада емделуде, олардың төртеуі реанимацияда. Тағы үшеуі инъекция алды», - деп нақтылады әкімдік.

Сонымен қатар, үш бала балалар ауруханасына түсті: екеуін реанимацияға жатқызуға тура келді, тағы біреуі аурудың жеңіл түрімен босатылды.

Сондай-ақ, облыстың үш ауданында қарақұрт 400-ге жуық түйеге шабуыл жасап, оның 63-і өлді.

Тэгтер:

Атырау Құрт жансақтау бөлімі у