Жаңалықтар

Бишімбаевқа тамақ арқылы есірткі тасымалдаған – Министрлік ақпаратқа түсінік берді

Астананың Қылмыстық-атқару жүйесі

Осы оқиғадан кейін елордалық тергеу изоляторына тартылған ет қосылған тағам әкелуге тыйым салынғаны хабарланды.

Ішкі істер министрлігі экс-министр Қуандық Бишімбаевқа тергеу изоляторына тамақ арқылы есірткі тасымалданды деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлады turkystan.kz сайты stan.kz-ке сілтеме жасап.

7 шілдеде елорданың тергеу изоляторында белгісіз әйел тұтқынға марихуана қосылған голубцы әкелгені туралы ақпарат тарады. Кейіннен бұл Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін сотталған экс-министр Қуандық Бишімбаевқа арналған деген қауесет тарады.

«№64 мекемеде голубцы тағамының арасына салып, тыйым салынған затты өткізу әрекетінің жолы кесілді. Алайда бұл деректің Бишімбаевқа еш қатысы жоқ», – деп хабарлады Ішкі істер министрлігі.

Осы оқиғадан кейін елордалық тергеу изоляторында тергеуде отырғандар мен сотталғандарға тартылған ет қосылған тағам әкелуге тыйым салынғаны хабарланды. Алайда, Ішкі істер министрлігі өнімге қатысты жаңа ережелер енгізілмегенін мәлімдеді.

Жазда тез бұзылатын азық-түлікті әкелуге тыйым салынады. Тергеу изоляторындағыларға туыстары мен жақындары сәлемдеме түрінде дайын азық-түлік әкелуі тиіс.