«Жылдам нокаутқа түсіремін»: Жәнібек Әлімханұлы кездесу алдында мәлімдеме жасады
Жәнібек Әлімханұлы әдеттегідей маңызды кездесу алдында мәлімдеме жасады.
WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) маңызды кездесу алдында тағы да мәлімдеме жасады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жәнібек осы сенбіде өз атағын қорғау үшін Жаңа Зеландияның былғары қолғап шебері Андрей Михайловичке (21-0, 13 КО) қарсы жұдырықтасады.
«Жігіттер, осы сенбіде жыдам нокаутқа түсіремін, Иншааллах. Сондықтан барлық шаруаңызды сол жекпе-жектен соң жоспарлаңыз», – дейді боксшы әлеуметтік желідегі жеке парақшасында.
Еске сала кетейік, екі боксшының арасындағы тартыс 14 шілдеде Лас-Вегаста (АҚШ) Астана уақыты бойынша таңғы 06:00-да басталады. Жекпе-жек Qazsport арасынан тікелей эфирде көрсетіледі.