Жахан Отарғалиев қуанышты жаңалығын бөлісті
Бұл туралы ол әлеуметтік желіде жазды.
Актер Жахан Отарғалиев жиенінің тұрмысқа шығып жатқанын айтты, деп жазды turkystan.kz.
«Қазір тойларда «Жахан, сені кішкентай кезіңде талай баққанмын» дейтін жандар көп кездеседі. Бірақ мені шын баққан апатайым есімде. Менің аяғымда гипс болғанда Айнаш апа екеуміз құмда тамақ жасап ойнайтынбыз, көзді ашып-жұмғанша апамның қызын ұзатып жатырмыз. Біздің әулеттің алғашқы немересі, жиенім Марикоштың ұзату тойы. Наймандармен құда болып жатырмыз», - деп жазды актер әлеуметтік желіде.