Жаңалықтар

Астанадан Алматыға бара жатқан пойыз жолаушылары оқыс жағдайға тап болды (ВИДЕО)

Сурет: www.istockphoto.com

Жолаушылар пойызы рельстен шығып кеткен.

№4 Астана - Алматы-2 жолаушылар пойызы Шиелібастау стансасында рельстен шығып кетті, деп хабарлады turkystan.kz порталы Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Tengri Travel редакциясына оқырмандардың бірі хабарлап, видео да жолдаған.

Оның айтуынша, 9 шілде күні Астана уақытымен сағат 11:30 шамасында Астана (Нұрлы-Жол) - Алматы-2 бағытымен келе жатқан №4 жолаушылар пойызы оқыс оқиғаға тап болған. Оқырманның сөзінше, пойыз Отар станциясынан 20 шақырым жерде орналасқан Шиелібастау стансасының қиылысында рельстен шығып кеткен.

"Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Біз күтпейік деп шешіп, бағыттас көлікпен кетіп қалдық. Пойызға және онда қалған жолаушылардың қазіргі жағдайы бізге белгісіз", - деп жазды оқырман.