Ақмарал Әлназарова Президентке есеп берді

9 шілде, 2024 / Анель Жарылғасын
Akorda
Жыл басынан бері инфекциялық аурулардың 21 түрі бойынша, соның ішінде коронавируспен сырқаттану көрсеткіштері төмендеген.

Мемлекет басшысы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованы қабылдады.

Ақмарал Әлназарова ведомствоның жұмысы және денсаулық сақтау жүйесін дамыту жоспарлары туралы баяндады:

 Кездесу соңында Мемлекет басшысы ана мен бала өлімінің көрсеткіштерін төмендету бойынша жұмысты жалғастыру қажет екенін атап өтті. Сонымен қатар медициналық көмек көрсетудің мейілінше нәтижелі болуына назар аудара отырып, денсаулық сақтау жүйесін сапалы түрде қайта құру керектігіне тоқталды. Сондай-ақ салаға, оның ішінде дәрі-дәрмекке бөлінетін қаражаттың ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз ету жөнінде міндеттер жүктеді.

Тэгтер:

Ақорда қабылдау Денсаулық сақтау министрі