Жаңалықтар

Қайрат Нұртас сот үкіміне апелляциялық шағым түсірген

instagram/kair_n

Сот актісі өзгеріссіз қалдырылды.

Әнші Қайрат Нұртас «Алматы-Астана» рейсі бортында бұзақылық әрекетке барғаны үшін 15 күнге қамауға алынған болатын. Өнер иесінің қорғаушысы сот үкімімен келіспей, апелляциялық шағым түсірген. Алайда сот актісі өзгеріссіз қалдырылды.

Астана қалалық сотында К.А.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс апелляциялық тәртіппен қаралды.

Бұған дейін әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың қаулысымен Қ.А. ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынған болатын. Бірінші сатыдағы сот К.А.-ның ұшақтың ішінде жанжалдасу кезінде азамат Б.-ға қол жұмсап, оның денсаулығына жеңіл зиян келтіріп, төбелес кезінде балағат сөздер айтқанын анықтады. Құқық бұзушының адвокаты қаулымен келіспей, 434-баптың 2-бөлігі бойынша шағымданып, құрамның болмауына байланысты соттан іс жүргізуді  тоқтатуды сұрады.

Қаулының күшін жою үшін негіз анықталмағандықтан апелляцияның 2024 жылғы 9 шілдедегі қаулысымен бірінші сатыдағы соттың сот актісі өзгеріссіз қалдырылды, - делінген Жоғарғы соттың хабарламасында.

Қаулы заңды күшіне енді.