«Ортаға молданы салып, дүние сұрайтын біздің салт-дәстүрімізде болған ба?»: Жазира Байырбекова мәһр туралы
"Жігіт сыйлықты өз қалауымен алып берсе әдемі емес па?"
Әнші Жазира Байырбекова кейінгі кезде ел ішінде кеңінен талқыланып жүрген мәһр мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды turkystan.kz.
"Мәһр сұраған сіздерше жақсы көріне ма? Жігіт сыйлықты өз қалауымен алып берсе әдемі емес па, мәжбүрлемей. Өзім күйеуімнен ештеңе сұрап көрмеген соң көзім үйренбеген ба, білмеймін. Оның үстіне "ерлі зайыптының арасына есі кеткен түседі" деген сөз бар еді. Ортаға молданы салып, дүние сұрайтын біздің салт-дәстүрімізде болған ба? Мәһр сұрағандар мен сұрамағандардың отбасына әсері, айырмашылығы қандай жазыңыздаршы. Біле жүрейік", – деп жазды әнші жеке парақшасында.