Талғар ауданында төтенше жағдай жарияланды
Аудан әкімі Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағына баруды уақытша шектеу туралы шешім қабылдады.
«Ашық НҚА» порталында Алматы облысы Талғар ауданында жергілікті деңгейде табиғи төтенше жағдай жариялау туралы шешім жобасы жарияланды.
Құжат дүйсенбі, 8 шілдеде жарияланды. Оны талқылау бүгін, 9 шілдеде аяқталды.
Аудан әкімі Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағына баруды уақытша шектеу туралы шешім қабылдады.
«Мұндай шешім Талғар өзенінің сол жақ бассейнінде орналасқан мұздық пен көлдің жағдайына мониторинг жүргізуге байланысты қабылданды. Бұл шара Талғар, Кеңдала, Ақтас елді мекендері тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Шектеулерді сақтауды және ресми ақпарат көздерінде жарияланған ақпаратты қадағалауды сұраймыз», - делінген Алматы облысы әкімдігінің хабарламасында.