Англияда ұлулар арасында әлем чемпионаты өтті
Джеффтің иесі, Линкольнширдан келген Саймон Лиллей өз ұлуын көктемнен бастап жаттықтырған.
Англияның Конгхэм қаласында ұйымдастырылған ұлулар чемпионаты өз мәресіне жетті. Бұл ерекше шараны ұйымдастырушылар "әлем чемпионаты" деп атайды. Кез келген адам бақшадан, жолдан немесе ұйымдастырушылардан ұлу таңдап алып, жарысқа қоса алады, деп жазды euronews.com.
Биылғы жарыстың жеңімпазы Джефф есімді кәсіби ұлу болды. Ол 13,5 дюйм (34 см) қашықтықты 4 минут 3 секундта еңсерді. Джеффтің иесі, Линкольнширдан келген Саймон Лиллей өз ұлуын көктемнен бастап жаттықтырған.
Айта кету керек, жарысқа қатысушылар нақты бір маршрут бойынша қозғала алмайды, сондықтан жарыс алаңы дөңгелек, әрбір ұлу өз жолын өзі таңдайды.
Жеңімпазға бір табақ салат пен келесі чемпионатқа дейінгі күтім мен азық-түлік кепілдігі берілді. Осылайша, Джефф келесі жылы да өз титулын қорғауға дайын болады.