Жаңалықтар

Ақтөбеде төбелес болып, 5 адам ауруханаға жеткізілді

istockphoto.com

Полиция қазіргі кезде нақты қанша адамның қамауға алынып, күдікке ілінгенін айтпады.

 Кеше түнде Ақтөбе қаласындағы Зауыт көшесінде орналасқан дәмхана алдында бірнеше адам төбелесіп қалған. Үш адам кесіп-тесілген, тағы бір адам жабық бас жарақатымен ауруханаға түсті.

Қонақтардың арасында жанжал туып, бір-бірімен төбелескен. Нәтижесінде бірнеше ер адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Бұзақылық дерегімен сотқа дейінгі тергеп- тексеру жұмыстары басталды. Қылмысқа қатысы бар тұлғалар анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр, — деді Ақтөбе қалалық ПБ бастығының бірінші орынбасары Мадияр Әкентай. 

Полиция қазіргі кезде нақты қанша адамның қамауға алынып, күдікке ілінгенін айтпады. Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, төбелес кезінде барлығы 5 адам зардап шеккен. 

31, 30, 29 жастағы ер адамдарда кесіп, тесілген жарақаттары болды. Олардың бірін Ақтөбе медцина орталығына, екіншісін Ақтөбе көпсалалы ауруханасына жеткізді. 28 жастағы бір адам жабық бас-ми жарақатын алған. Сонымен бірге 39 жастағы адам дәрігер көмегінен бас тартты. Оқиға орнына барлығы 2 бригада барды, — деп хабарлады Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.