Спорт

Бибісара Асаубаева Әзербайжанда өткен турнирде жеңімпаз атанды

instagram/bibisarachess

Шахматшы қолдау көрсеткен көпшілікке алғыс білдірді.

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Әзербайжанда өткен «Baku Open – 2024» турнирінде жеңіске жетті. Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында мәлім етті.

Шахматшы қолдау көрсеткен көпшілікке алғыс білдірді.

«Baku Open – 2024» шахмат турнирі аяқталып, әйелдер арасында 1 орынға ие болдым! Қымбатты жазылушыларым, маған сенім білдіріп, қолдау көрсеткендеріңіз үшін рахмет, сіздер ең үздіксіздер», - деп жазды шахматшы.