Қоғам

«Көзіме еріксіз жас келді»: Фариза Төреәлі жүрекжарды жазба жариялады

Психолог әрі блогер Фариза Төреәлі әлеуметтік желіде отбасылық суреттерін көрсетті.

Әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы Фариза Төреәлі 8 айлық қызына жазба арнады, деп хабарлады turkystan.kz.

«Сені қалай аңсағанымызды, күткенімізді, сен жайлы қанша дұға еткенімізді білсең ғой, күнім.. Сен дүниеге келгелі өмірдің мәні кірді, тіпті күннің өзі басқаша жарқырап, самал желдің өзі өзгешерек есетін секілді... Күнде өзіңе айтатынымдай, бақыт деген - сен, махаббат деген - сен.   Ақылдым бәрін түсінесің де сезесің, білем. Раббымыздан берілген “аманатсың”. Сол үшін де әкең екеуміз саған ең жақсыны, ең тәттіні, ең құндыны беруге барымызды салып келеміз. Дәл қазір алдымда ұйқтап жатқаныңа қарап, қатты жақсы көргеннен көзіме еріксіз жас келіп жазып отырмын. Бір күні саған арнаған жазбаларымызды оқып саған деген кіршіксіз махаббатымызға тағы көз жеткізерсің...  Күлгенің біз үшін мереке. Назар аударту үшін өтірік жөтелетінің, есік қағылса елең етіп күтетінің, оянғанымызды күтіп гуілдеп отыруың, әкең екеумізді кезек-кезек құшақтауың, мен не жесем соны жемеске қоймауың, еркелігің, тәтті қылықтарың.. Міне, біз үшін ең үлкен байлық осы. Аман-сау өсе бер ботам. Сен – жақұтсың!», - деп жазды Фариза Төреәлі.