Қостанай облысында ресейлік ер адам жоғалып кетті

8 шілде, 2024 / Анель Жарылғасын
instagram/poisk_region_10
53 жастағы Алексей Трушин 4 шілдеде келген, содан бері одан хабар-ошар жоқ

Ресей азаматы бірнеше күн бұрын Қостанай облысында жоғалып кетті. Бұл туралы еріктілер Instagram парақшасында жазды.

53 жастағы Алексей Трушин 4 шілдеде келген, содан кейін із-түзсіз жоғалы кетті. Соңғы рет оны Чернышевский көшесіндегі «Азия» дүкенінен көрген. Ер адамның бойы – 160-165 см, шашы қысқа.

Жоғалған күні үстінде қасқыр суреті бар сұр түсті футболка, қара түсті трикотаж, қара шифер болған.

Тэгтер:

Қостанай облысы жоғалып кетті Ресей азаматы