Жаңалықтар

Димаш Құдайберген Астанада жеке концертін өткізбек

instagram

Әйгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайберген елордада жеке концерт беретінін мәлім етті. Бұл туралы Қазақстанның халық әртісі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлады turkystan.kz.

«Биыл Астанада 8-14 қыркүйек аралығында V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өткізілмек. Дүниежүзінің 100-ден астам мемлекетінен түрлі сайысқа қатысу үшін 4 мыңнан астам спортшылар келеді деп жоспарланып отыр. Осы әдемі мереке аясында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен, «ДимашАли» шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен «Астана аренада» менің Stranger атты жеке концертім өтеді», - деп жазды ол.

Өнер иесі билеттер сатылымына қатысты ақпарат жақын күндері жарияланатынын және өзінің ресми парақшаларына назар аударып жүруді ескертті.