«Алладан сұрап алғам»: Төреғали Төреәлі ұлына ерекше есім қойды (ВИДЕО)
Ол бұл жайлы әлеуметтік желіде өлең жолдары арқылы жеткізді.
Танымал ақын, әнші Төреғали Төреәлі алтыншы сәбиі – ұлына Төреахмет деген ерекше есім қойды.
Ол бұл жайлы әлеуметтік желіде өлең жолдары арқылы жеткізді.
«Өмірге келді тағы бір Ахмет,
Құдайдың мұнысына рахмет.
Алладан өзім барып сұрап алғам
Мұхаммедтің басында дұға тілеп.
Атасы ТөреАхмет деп атын қойды
Ахмет Мұхаммедтің бір аты деп.
Ахмет Байтұрсынов атасындай
Алаштың көзін ашар жыр оқы деп.
Бұны бірақ кенжем деп ойламаймын
Талаптанып көремін бір екі рет!», - деп жазды өнер иесі.
Бұған дейін әншінің алтыншы баласы дүние есігін ашқаны туралы жазған едік.