Балаларға бұрыш баллонын шашқан жасөспірім іздестіріліп жатыр
Жасөспірім Қазақстанда 2008 жылы туған, бірақ 2021 жылдан бері анасымен Саратов облысында тұрады екен.
Ақтөбеде жасөспірімнің бұрыш баллонынан екі бала зардап шекті. Полиция оқиғаның жай-жапсарын айтты, деп хабарлады turkystan.kz сайты nur.kz-ке сілтеме жасап.
Telegram-дағы «Криминальный Казахстан» арнасында балалардың бетіне бұрыш баллонын шашқан жасөспірім туралы ақпарат жарияланды. Видео кадрларынан өзін түсіріп тұрған адамды көруге болады, сосын ол алдыңғы камераға ауыстырады. Сосын екі балаға жақындайды. Кейін жасөспірім балалардың бетіне бұрыш баллонын шашып жібереді. Бұл ролик туралы ресейлік БАҚ та жазған.
«Регион 64» агенттігінің мәліметінше, тіпті Саратов полициясы тексеріс жүргізген.
Портал мәліметінше, жасөспірім Қазақстанда 2008 жылы туған, бірақ 2021 жылдан бері анасымен Саратов облысында тұрады екен. Ал жазғы каникулға ол әкесіне Қазақстанға келген.
Ақтөбе облысы полиция департаменті кәмелетке толмаған күдіктінің жеке басы анықталғанын хабарлады.
«Қазіргі уақытта оны ұстауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларының кешені жүріп жатыр. Бұзақылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - делінген хабарламада.