Жаңалықтар

Қарағанды маңында цемент таситын көлік аударылды

Скриншот

Апат 7 шілдеде, жексенбіде сағат 08:58-де "Қарағанды-Теміртау" автожолында болған.

Қарағанды облысындағы тасжолда жүргізуші денсаулығы сыр беріп, тізгінге ие бола алмай қалған. Апаттан бір адам қаза тапты.

Instagram-дағы patriotkaragandy парақшасында Қарағанды облысында болған оқиғаның салдары түсірілген видео жарияланды. 

"Бүгін Қарағанды-Сортировка" тасжолында болға жол-көлік оқиғасының орнында түсірілген видео. Цемент тасушы көліктің жүргізушісі бұрылыста тізгінге ие бола алмай қалып, жол шетіне шығып кеткен", - делінген видео сипаттамасында. 

Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері жол-көлік оқиғасы туралы түсініктеме берді. Полицейлердің мәліметінше, апат 7 шілдеде, жексенбіде сағат 08:58-де "Қарағанды-Теміртау" автожолында болған.

"Liangshan Dongyue көлігінің 38 жастағы жүргізушісі, алдын ала мәліметтер бойынша, денсаулығының нашарлауына байланысты тізгінге ие бола алмай, аударылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші алған жарақаттарынан қаза болды", - деп түсіндірді полициядағылар. 

Тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижесі бойынша процестік шешім қабылданады.