Жаңалықтар

Автобус жер астына түсіп кеткен: Майқайыңдағы іздеу жұмыстары туралы тың дерек шықты

"Майқайың алтын" АҚ

Кәсіпорын өкілдері іздеу жұмыстары күн сайын жүргізілетінін мәлімдеді

"Майқайың алтын" АҚ аумағында қаңтарда ескі шахтаға автобуспен бірге құлаған құтқарушыларды іздеу жұмыстары жанданды, деп жазады turkystan.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Кәсіпорын өкілдері іздеу жұмыстары күн сайын жүргізілетінін мәлімдеді.

"28 маусымда кәсіби әскерилендірілген авариялық құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабымен бірлесіп, іздеу жұмыстары басталды. Іздеу жұмыстары күндізгі уақытта таңғы 05:00-ден кешкі 20:00-ге дейін жалғасады. Жұмысты 7 шілдеде аяқтау жоспарланып отыр, қажет болған жағдайда мерзімі ұзартылады", - деді "Майқайың алтын" АҚ өкілдері.

Сондай-ақ кәсіпорын өкілдері кестеге сәйкес дайындық жұмыстары жасалғанын айтты.

Жұмыстарға бульдозер мен екі экскаватор тартылған.

"Майқайың алтын" АҚ өкілдері жұмыс орнынан суреттер жолдаған. Кадрларда ағаш қалдықтары, жыртылған құжаттар көрінеді.