Қоғам

Астана әуежайын су басып жатыр

Видеодан алынған кадр

Әзірге әуежай басшылығы тарапынан тараған ресми ақпарат жоқ

Астана қаласындағы халықаралық әуежайдың төбесінен су кетіп жатыр деп хабарлады turkystan.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға куәгерлерінің видеоматериалынан байқағанымыздай әуежайдың суағар жүйесінің жырығынан шыққан су стратегиялық нысан ішіндегі LED экран мен ғимараттың басқа шетіндегі жүк бөлмесінің де төбесінен құйылып жатыр. Видеода қорап толы жүктер малмандай су болғаны көрініп тұр.

Әзірге әуежай басшылығы тарапынан тараған ресми ақпарат жоқ.