Түркістан облысында балабақшадан өрт шықты

7 шілде, 2024 / Ақмарал Берекет
t.me/qr_tjm
Қазіргі уақытта оқыс оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр

ТЖМ қызметкерлері Түркістан облысындағы бір қабатты жеке балабақша ғимаратының шатырында шыққан өртті сөндіріп жатыр, деп жазады turkystan.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта оқыс оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

«ТЖМ күштерімен өрт 270 шаршы метр аумақта оқшауланды. Зардап шеккендер жоқ. Себебі анықталуда», - делінген хабарламада.

Тэгтер:

Балабақша Түркістан облысы өрт