Қоғам

ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады

El.kz/Арман Мухатов

Табиғи өрттердің пайда болуының негізгі себептері - халықтың өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамауы және найзағай разрядтары

Төтенше жағдайлар министрлігі ел аймақтарында шілденің аптап ыстығында өрт қаупінің туындауына байланысты ескерту жасады, деп жазады turkystan.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, табиғи өрттердің пайда болуының негізгі себептері - халықтың өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамауы және найзағай разрядтары.

Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, орман және дала алқаптарында жанып жатқан сіріңке мен темекі тұқылын тастауға тыйым салынады.

От жағу, қоқыс пен құрғақ шөпті жағу, шыны заттарды (бөтелкелерді), май жағылған немесе жанғыш заттар сіңірілген материалдарды қалдыру аса қауіпті.

Табиғат аясында болған кезде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыз. Өрттің өте қауіпті! Табиғаттың тағдыры Сіздің қолыңызда, - делінген хабарламада.