Қоғам

Алматы облысында тұрғын үй мен автокөлік өртенді

ТЖМ

Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталып жатыр

Алматы облысы Талғар ауданында тұрғын үйден өрт шығып, автокөлік жанып кетті, деп жазады turkystan.kz.

ТЖМ күштерімен үйдегі өрт сөндірілді.

Талғар ауданының Қарабұлақ ауылында жеке тұрғын үй мен жеңіл автокөлік өртенген. Өрт сөндірушілер шақырту түскен сәттен бастап 43 минут ішінде 155 шаршы метр алаңда өртті жойды.

Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталып жатыр.