Қоғам

Президент Қазақстан халқын Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

Ақорда

Бүгін - Ұлттық домбыра күні

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық домбыра күніне орай Х парақшасында құттықтау жариялады, деп жазады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Ұлттық домбыра күні құтты болсын! Бұл мерекенің қазақ руханияты үшін мән-маңызы зор. Қастерлі аспап дала өркениетінің ажырамас бөлігіне айналды. Төл мәдениетіміздің құнды қазынасын сақтау – баршамыздың парызымыз. Домбыра төрден түспесін! – деп жазды Мемлекет басшысы.