Спорт

Матч кезінде жүрегі тоқтап қалған: футболшы көз жұмды

sovsport.ru

Ойыншының өлімінің себебі әзірге белгісіз

Бүгін египеттік «Фьюче» футбол клубының жартылай қорғаушысы Ахмед Рефаат 31 жасында қайтыс болды. Бұл туралы Египет футбол қауымдастығы мәлім етті, деп жазады turkystan.kz 1bol.kz-ке сілтеме жасап.

11 наурызда Рефаат Египет чемпионатының 16-турында "Әл-Иттихадқа" қарсы ойында жүрегі тоқтап қалды (0:0). Ол есін жоғалтып, газонға құлаған, содан кейін шұғыл түрде Мысырдағы ауруханаға жеткізілген. Футболшының жүрегі бір сағат соқпай тұрған. Сол уақыттан бері комада жатқан.

Ойыншының өлімінің себебі әзірге белгісіз.