Жаңалықтар

Желіде әнші Әбдіжаппар Әлқожаның ұсталғаны туралы ақпарат тарады

smartnews.kz

Әзірге әншіні тәртіп сақшылары не себепті тұтқындағаны белгісіз

Кейбір ақпарат көздерінің мәліметінше, полицейлер Алматы облысының орталығы Қонаев қаласында танымал эстрада әншісі Әбдіжаппар Әлқожаны ұстап алған, деп жазады turkystan.kz ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Куәгерлердің айтуынша, әнші Әбдіжаппар полицейлерге бағынбай дөрекілік танытқан көрінеді. Әзірге әншіні тәртіп сақшылары не себепті тұтқындағаны белгісіз. Ресми ақпарат та жоқ.