«8-10 бала жабылып ұрған»: БҚО-да лагерь директоры жұмыстан босатылды
Тәлімгер де жұмыстан босатылып, гороно тексергеннен кейін тәрбиешіге тәртіптік жаза қолданылған
Батыс Қазақстан облысында лагерь директоры жұмыстан босатылды, деп хабарлады turkystan.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы бойынша Білім басқармасы басшысының м.а. Лаура Батырғалиева мәлімдеді.
Тәлімгер де жұмыстан босатылып, гороно тексергеннен кейін тәрбиешіге тәртіптік жаза қолданылған.
"Балалар және олардың ата-аналарымен әңгіме жүргізілді", - деді Батырғалиева журналистерге.
10 жастағы бала әпкесімен бірге 10 маусымда "Атамекен" балалар лагеріне келген. Оларға су тасқынынан зардап шеккендер ретінде қалалық білім бөлімі жолдама берген. Онда балалар бірнеше күн болғаны белгілі болды.
"... Біз үйге келдік, ұлым денесіндегі көгерген жерлерін көрсетті. Аяғында, қолдарында және денесінде болды. Ол 8-10 бала жабылып, оны спортзалда, тіпті көшеде ұрғанын айтады. Балаларға (ұрған) сұрақ жоқ - олар балалар. Балаларды қабылдаған және оларды қадағалауға міндеттелген лагерь басшылығына, мұның бәрін ұйымдастырған министрлікке сұрағым бар: неге бұлай болды? Бұған қалай жол бердіңіздер?" - деді баланың әкесі.