Жаңалықтар

Испания футбол құрамасы Еуропа біріншілігінің жартылай финалына шықты

Getty Images

Испания ұлттық құрамасы қатарынан екінші турнирде жартылай финалға шықты.

Испания құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионатының 1/4 финалында Германия ұлттық құрамасын жеңіп, жартылай финалға шықты, деп хабарлады turkystan.kz.

Командалар Штутгарттағы (Германия) "Мерседес-Бенц-Арена" стадионында ойнады. Матчқа Энтони Тейлор (Англия) бастаған төрешілер бригадасы қызмет етті. Испания құрамасының шабуылшысы Дани Олмо мен жартылай қорғаушы Микель Мерино бір-бір гол соқты. Германия сапынан жартылай қорғаушы Флориан Вирц ерекшеленді. Осылайша, 2:1 есебімен Испания құрамасы жеңіске жетті.