Қоғам

«Хайуандар көбейді»: Мейрамбек Бесбаев танымал әншіге қолдау білдірді (ВИДЕО)

видеодан алынған скрин

Әлеуметтік желіде Қайрат Нұртасқа жақтасқан желі қолданушыларының жазбалары көбейе бастады. Олардың арасында танымал азаматтар да бар.

Әнші Мейрамбек Бесбаев қамауға алынған әріптесі Қайрат Нұртасқа қолдау білдірді, деп жазды turkystan.kz.

«Кейде есігіңнен күліп кіріп, текеметіңді тіліп кететіндер болады. Адам аласы ішінде ғой. Досым деп жүріп домалақ арыз жазып, құны қымбат достықты қастыққа айырбастай салатын хайуандар көбейді. Қайрат інім, Құдай жаныңа қуат берсін. Бұлттың артынан күн шығатыны секілді, әр жамандықтың артынан үлкен жақсылық болатыны ақиқат. Енді абайлап жүрші. Маңайында жүргендерді сұрыптап қарашы. Сені сатқан ақымақтың жазасын Алла береді. Алла әділетті», - деп жазды М. Бесбаев.