«Нашар екенсіңдер!»: Серік Ибрагимов Scat әуе компаниясына ашулы
Әнші ұшу уақытының өзгере беретінін сынға алды.
Серік Ибрагимов Scat әуе компаниясын сотқа бермек, деп хабарлады turkystan.kz.
«Scat әуе компаниясы, сендерге ренжідім! Не болды мына тірлік? Телефон тұтқасын көтермейсіздер. Жауапкершілік мүлдем жоқ. Ұшатын уақытқа 2-3 сағат қалған кезде ұшу уақыты ауысты дейтін не әңгіме енді?! Scat-ты сотқа беретіндердің арасында енді мен де бармын. Бұл бірінші рет емес, бірнеше рет қайталанып отыр. Өте нашар әуе компания екенсіңдер», – деп жазды әнші.