Украинада қазақстандық журналист Айдос Садықовтың жерлеу рәсімі өтті

5 шілде, 2024 / Анель Жарылғасын
скриншот
Ақтық сапарға шығарып салуға 50-ге жуық адам қатысты.

Уркраинадағы Киев қаласында қазақстандық журналист Айдос Садықовтың жерлеу рәсімі өтті.

Жерлеу рәсімін Қырым татарларының диаспорасы өткізді. Мұсылмандық әдет-ғұрыптарымен ақтық сапарға шығарып салуға 50-ге жуық адам қатысты.

Еске салсақ, 18 маусымда Киевте азаматтық белсенді, «Бәсе» YouTube арнасының авторына қастандық жасалды. 13 күннен кейін отандасымыз ауруханада көз жұмды.