Бүгін – Халықаралық жұмысбастылар күні
Бұл күн жұмыстан бас алмайтын адамдарға кәсіби және жеке өмір арасындағы тепе-теңдікті сақтаудың маңызын еске салу үшін тойланады екен.
Бүгін – Халықаралық жұмысбастылар күні. Бұл мереке жыл сайын 5 шілдеде атап өтіледі.
Бұл күн жұмыстан бас алмайтын адамдарға кәсіби және жеке өмір арасындағы тепе-теңдікті сақтаудың маңызын еске салу үшін тойланады екен. Яғни артық жұмыстың күйзеліс, қажу сияқты кері әсерін түсініп, өзін-өзі күту керек екенін ескеруге шақырады.
Мереке алғаш рет АҚШ-та мемлекеттік емес мереке ретінде тіркелген, дегенмен қазір бұл мерекені атап өтетін елдер аз емес.