Студент кезінде жатақханада тұрғандар болашақта табыстырақ болады – зерттеу
Қиындықтар олардың мансабының өсуіне ықпал еткен.
Студент кезінде жатақханада тұрғандар көбірек ақша табады. Ресей зерттеушілері сауалнама жүргізіп, осындай қорытындыға келген.
Зерттеуге жоғары білімі бар 1 600 экономикалық белсенді ресей азаматы қатысқан.
SuperJob Старт карьера қызметінің сауалнамасы бойынша жатақханада тұрғандардың 71%-ы сол жылдарды оң бағалайды. Жоғары білімі бар әр үшінші ресейлік университетте оқып жүргенде жатақханада тұрған. Ер адамдар студенттік өмірдің қатал жағдайларымен әйелдерге қарағанда жиі кездескен (38% және 29%). 90-жылдары және 2000-жылдардың басында оқығандар жатақханада сирек тұрған.
Студенттер кездескен қиындықтар олардың мансабы өсуіне ықпал еткен. Сауалнама көрсеткендей, жоғары табысы бар ресейліктер көбінесе жастық шағында жатақханада тұрғандарын айтқан.