Жаңалықтар

Алматы облысында жалпы құны 2 млн теңге болатын вейп тәркіленді (ВИДЕО)

Polisia.kz

WhatsApp мессенджері арқылы заңсыз электрондық темекі сатылып отырғаны анықталды.

 Облыстық криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері WhatsApp мессенджері арқылы вейптарды заңсыз сатқандарды анықтады.

«Стоп-алаяқ» ЖПІШ өткізу барысында Киберпол бөлімшесінің қызметкерлері WhatsApp мессенджеріндегі арнаны анықтады. Арна арқылы электрондық темекі сатылып отырған.

«Тәртіп сақшылары екі миллион теңгеге электронды темекі тәркіледі. Электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді), хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды сату және тарату фактісі бойынша полицейлер қылмыстық іс қозғады», – деді облыстық криминалдық полиция басқармасының бастығы Руслан Смағұлов.

Заңды бұзған адамға екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл не сол көлемдегі түзеу жұмыстары не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу мөлшерінде ірі ақшалай айыппұл салынады.