Жаңалықтар

ТЖД алматылықтарға шұғыл ескерту жариялады

istockphoto.com

ТЖД 5-7 шілде күндері тауға бармауды және өзендерден аулақ жүруді сұрайды.

5-7 шілде аралығында нөсер жауын-шашынның салдарынан Алматы маңындағы тауларда су ағыны артып, өзендер деңгейі көтерілуі мүмкін. Оның салдары су тасқынына ұласуы мүмкін.

ТЖД осы күндері тауға бармауды және өзендерден аулақ жүруді сұрайды.

Сондай-ақ 5 шілдеде Алматының таулы аудандарында жаңбыр жауады. Қалада найзағай күтіледі, желдің екпіні секундына 15-20 метрді құрайды.