«14 жасымда жазған әнім»: Роза Әлқожа әнін рұқсатсыз орындайтындарға ескерту жасады (ВИДЕО)
Әнші өз әнін рұқсатсыз орындайтындар көп екенін айтты.
Роза Әлқожа әлеуметтік желіде авторлық құқыт туралы мәселе көтерді, деп жазды turkystan.kz.
«Сағындым сені. Бұл — менің он төрт жасымда жазған әнім. Кейінірек марқұм Ажар Түзелбекққызы ұнатып алды, сөзін Исраил Сапарбай аға жазды. Қазір қазақ-қырғыз арасында кеңінен тараған бұл әнді орындаушылар көбі қуантады. Бірақ, кішкене сый-құрмет болуы қажет. Авторын атап өтіп, не жазып қоюға болады. Сосын әнді орындамас бұрын автордан рұқсат алу қажет екенін ұмытпаңыздар! Авторлық құқық деген болады. Орындаушысы қайтыс болғанымен авторлар бармыз!», - деп жазды әнші.