Жаңалықтар

Қазақстанда алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды (ФОТО)

istockphoto.com

Алаяқтар Қазақстанның ресми қайырымдылық қоры (РҚҚ) атынан жалған хабарлама таратып жатыр.

Әлеуметтік желілерде тараған тағы бір хабарламада алаяқтар Қазақстанның ресми қайырымдылық қоры (РҚҚ) атынан алаяқтар әлеуметтік төлемдер төлейміз дейді.

ҚР барлық тұрғындары ірі ақшалай өтемақы ала алады екен.

«Бұл жарнамаға сенбеңіздер және күмәнді сілтемелер бойынша өтпеңіздер», - деп жазады stopfake.kz. 

Ел аумағында жұмыс істейтін қорлардың тізімі Egov.kz электрондық үкімет порталында жарияланған. Оған сәйкес, Қазақстанда «Ресми қайырымдылық қоры» (РҚҚ) деген атаумен тіркелген ұйым жоқ.

Хабарландыруда көрсетілген сайтқа кіргенде «Яндекс» іздеу жүйесінде «Сайт қауіпті болуы мүмкін» деген ескерту шығады.

Іздеу жүйесінің мәліметі бойынша, «бұл сайт келушілердің құпия деректерін (парольдер, банк карталарының нөмірлері және т.б.) білу үшін танымал қызмет немесе танымал ұйымның сайты ретінде ашылады».

Егер пайдаланушы ескертуді елемей, сілтемеге өтсе, жаңа терезе шығады. Онда оған төленетін сома көрсетіледі және заңгермен байланысу туралы ұсыныс жасалады.