"83 жастағы құдағайыммен ән салдық": Жеңіс Ысқақова немересінің бесік тойын жасады
Бұған дейін ол "Немеремді қарсы алуға асығып барамын. Әжелер қатарына мен де қосылдым", – деп жазған еді.
ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, әнші Жеңіс Ысқақова немересін бесікке салды. Бұл жаңалығын әнші Instagram-дағы парақшасында жариялады.
“Айлинтайдың нағашы әжесі, он бес құрсақ көтерген асыл ана шөбересінің бесігін өзі алып келді. Осындай бақыт баршаңызға жұғысты болсын. 83 жастағы құдағайыммен бірге дастархан басында ән салдық!”, – деп жазды әнші.
Бұған дейін ол "Немеремді қарсы алуға асығып барамын. Әжелер қатарына мен де қосылдым", – деп жазған еді.