Қырғыз Республикасында Ауғанстанда өндірілген "Golden Life" газдалған анар шырынына тыйым салып жатыр, деп хабарладйы елдің 24.kg сайты.
Қырғыз Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы аурулардың алдын алу және мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің бұйрығы бойынша, сусын талаптарға сәйкес келмейді.
Тыйым халықтың, әсіресе, балалардың денсаулығын қорғау мақсатында енгізілген, өйткені оның құрамында балалардың белсенділігі мен зейініне кері әсер ететін азорубин E 122 бояғышы бар.
Сауда желілерінің басшыларына осы өнімдерді сатуға тыйым салу туралы нұсқаулар берілген.