17 жастағы бадминтоншы ойын кезінде қайтыс болды (ВИДЕО)
Индонезияда бадминтоннан жасөспірімдер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында 17 жастағы спортшы қайтыс болды, деп хабарлайды turkystan.kz life.ru-ға сілтеме жасап. Қытай құрамасының 17 жастағы спортшысы Чжан Чжицзенің жапондық Казума Каваноға қарсы ойында кенеттен денсаулығы сыр беріп, алаңға құлап түскен. Жедел жәрдем қызметкерлері көмек көрсеткенімен, жас спортшы тілге келместен қайтыс болды.