Әнші Роза Рымбаеваның немересі жұртты сүйсінтті (ВИДЕО)
Әлеуметтік желіде Роза Рымбаеваның 1 жастағы немерісінің Қазақстан туын көрсеткен видеосы жұртты сүйсінтті.
Видеоны әнші Әли Оқаповтың жұбайы Ақерке Бүркітбай желідегі парақшасында жариялады. Кадрлардан бүлдіршіннің "Қазақстан қайда? Көрсетші" деген дауысқа барып еліміздің туын көрсеткенін көруге болады.
Желі қолданушылары бейнежазба астына әртүрлі пікір қалдырған.
«Зейін деген Қазақстан үшін Роза Рымбаевадай аты үлкен әріппен жазылатын тұлғаның немересі болған соң, Әли мен Ақеркедей өте сауатты, ұлтжанды азаматтардың ұлы болған соң, басқаша болуы да мүмкін емес. Аман бол, балапан!», «Көк туды желбірететін жігіт өсіп келе жатыр», «Кішкентай патриот», - деп жазған олар.