Жаңалықтар

БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш Димаш Құдайбергенмен кездесті

instagram/uninkazakhstan

Бас хатшы Димаштың шығармашылығын бүкіл әлем бойынша миллиондаған адам еститінін, оның дауысы адам құқықтарын қорғауға қабілетті екенін атап өтті.

Бүгін БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш әнші, Халықаралық көші-қон ұйымының ізгі ниет елшісі Димаш Құдайбергенмен кездесті.

Бас хатшы Димаштың шығармашылығын бүкіл әлем бойынша миллиондаған адам еститінін, оның дауысы адам құқықтарын қорғауға қабілетті екенін атап өтті.

ХКҰ-ның ізгі ниет елшілері бағдарламасының мақсаты – белгілі және құрметті мәдениет, өнер және спорт қайраткерлерін тарту және көші-қонға қатысты мәселелерді қамту.