Жаңалықтар

Шілдеде құрғақшылық болады деп болжанған өңірлердің тізімі жарияланды

istockphoto.com

Мамандар атмосфералық құрғақшылықтың басталу қаупі бар аумақтардың ауданы ұлғайғанын болжады.

«Қазгидромет» РМК шілдеде құрғақшылық қаупі төніп тұрған облыстардың тізімін жариялады.

Метеоролгтардың мәліметінше, 2024 жылғы шілдеде Қазақстан аумағында ылғалдану жағдайы көбінесе көпжылдық мәндерге жуық болады.

Мамандар атмосфералық құрғақшылықтың басталу қаупі бар аумақтардың ауданы ұлғайғанын болжады.

Шілдеде мына өңірлерде құрғақшылық болады:

Қостанай облысында Амангелді, Жангелді аудандарында және Арқалық қаласында; Батыс Қазақстан облысында Казталов, Жаңыбек, Ақжайық және Бөкей-Орда аудандарында; Ақтөбе облысында Шалқар, Байғанин, Ырғыз және Ойыл аудандарында; Қарағанды облысында Ақтоғай және Шет аудандарында; Абай облысында Аягөз ауданында; Алматы облысында Балқаш ауданында; Жетісу облысында Алакөл ауданында; Жамбыл облысында Мойынқұм, Қордай, Жуалы, Жамбыл, Т. Рысқұлов және Сарысу аудандарында; Түркістан облысында Арыс, Созақ, Қазығұрт, Түркістан, Ордабасы, Отырар, Шардара, Жетісай және Бәйдібек аудандарында; Қызылорда облысында Арал, Қазалы, Қармақшы, Шиелі аудандарында және Қызылорда маңында; Атырау, Маңғыстау және Ұлытау облыстарының басым аумағында.

Келесі аймақтарда орташа ылғалды болады:

Солтүстік Қазақстан облысында Тайынша, Уәлиханов аудандарында және Ғ. Мүсірепов ауданында; Атбасар, Ақкөл және Астрахан аудандарында және Ақмола облысындағы Степногор маңында.

Басқа аймақтарда ылғалдылық жаздың ортасында қалыпты деңгейде болады.