Сирия бойынша халықаралық кездесу мамыр айында өтеді

Сирия бойынша халықаралық кездесу мамыр айында өтеді

Сирия бойынша халықаралық кездесу мамыр айында өтеді
ашық дереккөзі
Сирия бойынша халықаралық кездесу 3-4 мамыр күндері  елордада өтеді. Бұл туралы Астана процесі үшінші раундының қорытындысына орай кепілгер елдер бірлесе әзірлеген мәлімдемеде айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бірлескен мәлімдемені ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақылбек Камалдинов оқып берді. Онда: «Біз наурызда Женевада келіссөздердің жалғасуына қолдау білдіреміз. Үшжақты кездесу жоғары деңгейде жалғасатындығын атап өтеміз. Сирия үкіметі мен Сирия оппозициясының өкілдері, сонымен бірге байқаушы ретінде басқа да тараптар бұл отырыстарға шақырылуы мүмкін. Біз жоғары деңгейдегі келесі отырысты 3-4 мамырда Астанада өткізу туралы шешім қабылдадық және 2017 жылдың сәуірінде Тегеранда сарапшылар консультацияларын өткізуге келістік. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа және қазақ билігіне осынау кездесуді өткізгені үшін ризашылығымызды білдіреміз», — делінген. Сонымен қатар, Ақылбек Камалдинов Қазақстан және Президент Нұрсұлтан Назарбаев келіссөздерге орын  ұсынып қана қоймай, сонымен бірге бітімгершілік ұсыныстарын да жалғастыратынын баса айтты. «Қазақстан бұл жанжалда бейтарап әрі объективті араағайын болып қала береді. Астана Сирия бойынша болашақтағы келіссөздер үшін ыңғайлы орын болуын жалғастырады», — деді министр орынбасары.